Жобаларды кәсіби басқару тренингі

Тренингтің атауы: «PMI® PMBOK® стандарт негізінде жобаларды басқару: практиқалық құралдар мен әдістер. Негізгі курс». 

 

Бұл қарқынды оқылатын курс жобалық басқару туралы әлемде ең көп қолданылатын стандарт негізінде құрылымдалған, түрде жобаларды басқару бойынша қазіргі әдістер туралы –PMI® PMBOK® Guide 7 (Project Management Body of Knowledge Guide – Жобаларды басқару бойынша білімдер жиынтығына нұсқау, 7 басылым) – бойынша базалық білімдер береді.

 

Курс шеңберінде келесі тақырыптар қарастырылады:

  • жобаларды басқару қазіргі әдістемелер
  • жобаларды басқару үдерістерінің құрамы мен құрылымы
  • жобаларды басқару білімдерінің 11 саласы
  • үдерістердің әрбір тобы шолу түрінде көрсетіледі
  • жобаның мазмұнымен, мерзімдерімен, құнымен, тәуекелдерімен ресурстарымен жобаны басқару әдістері мен құралдары ашылады
  • жобалық құжаттардың үлгілері, көптеген қосымша әдебиет пен жобаларды басқару үшін материалдар берілді 

Теориялық материалды бекіту үшін курстың практикалық бөлігі қатысушылармен тікелей байланыста, олардың ой-пікірлерін біліп бағалауда өтіледі. Іскерлік ойындар тыңдаушылар арасында байланыстарды нығайтып жобаны басқару үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Тренинг интерактивті әдістеме бойынша құрылған, ұзақтығы 21-ден 37 дейін академиялық сағат болады (яғни 2 күннен 3,5 күнге дейін созылады, бұл тапсырыс берушінің қалауына қарай материалдың күрделігі мен толықтық қанықтығына байланысты). 

 

Тренингті жүргізу барысында бүкіл теориялық материал толассыз мысалдар практикасында өтіледі.  

 

Берілген тренингті толықтыруға да басқа тренингпен (MS Project 2010 (2013) бірге өкізгенін жөн, ол 10 академиялық сағат, 1 күн болады (бұл бөлек ескертіледі).  

 

Тренингтен кейін оқушыларға кеңес беруге болады (пост-тренингтік кеңес), бұл да бөлек ескертіледі.

 

Тренинг туралы пікір алу ұшін осы тренингті өткізген мекемелердің байланыстарын қажет болса бере аламын.
 

Осы тренинг туралы бір пікірді осы жерден көре аласыз. 

 

Қазақша сөйлейтін аудиторияға осы тренингті қазақ тілінде өткізем. Шарттары бөлек келісіледі. 

 

Ал соңында айтарым. 2016 ж. қазан айында осы тренингті мен АО "Корпорация Казахмыс" (Караганды қ-да) өткіздім. Компания басшылығы тренинг кезінде тренингке қатысушылардың білім деңгейін тренингке дейінгі және одан кейінгі тренингтік сынақтамалау арқылы  тексеріс өткізуді ұйғарды. Әрине, бұл менің жұмысыма да сынақтама болды. Осы жерде бұл екі сынақтамалардың нәтижелері бар: алдыңғы мен кейінгісі тренингтік сынақ. Қатысушылар саны: 21 адам болды, сұрақтар саны 49. Прогресс бар екенін кестеден көрініп тұр: менің тренингімнен кейін жалпы (орташа алғанда) білімнің жақсаруы 33% болды! Кейбір қатысушыларда білімнің жақсару пайызы 60%, 49% немесе 43% болды (№1,3,6 қараңыз). Тренинг өткізуде бұл нәтиже көрнекті түрде менің жұмысымның тиімділігін көрсетіп тұр деп санаймын. Математиктердін арасында бұны "дәлелденді деп саналады" деп айтамыз. 

Қызығып тұрсыз ба? Төменгісін толтырып менімен хабарласуға болады:

Note: Please fill out the fields marked with an asterisk.

 

Кішкене білу үшін көп оқу қажет. 

М.Монтень